Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Екі бірдей жаза

17.04.2015 4288 0 пікір

Бір күні халифа Омардың алдына бір ұрыны ұстап әкелді. Халифа тұрып: «Сен неге ұрлық жасадың?» деп сұрай бастады.

-  Мен ұрлық жасасам, ол Алланың тағдыры. Құдай қаламаса, мен осылай жасар ма едім?, - деп безірейіп тұра берді.

Осы сөзді естіген Омар (р.а.) ұрыға екі бірдей жаза тағайындады. Саусағын да кестірді, арқасына дүре де соқтырды. Осының бәрін көріп тұрғандар: «Неге бұлай жасайсың, әй, Омар» деп сұрай бастады. Сонда халифа: «Ұрлық жасағаны үшін қолын кестірдім, Аллаға жала жапқаны үшін дүре соқтырдым», - деп жауап қайырды.

Аударған Асылбек Әуезханұлы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру