Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Қордайдағы қарилар орталығы ұстаздарымен кездесу өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 22.04.2024 409 0 пікір
Жамбыл: Қордайдағы қарилар орталығы ұстаздарымен кездесу өтті

Жамбыл облысына арнайы іссапармен келген мамандар Масаншы ауылында орналасқан Қордай Құран қарилары орталығы ұстаздарымен жеке кездесті.

Орталыққа келген комиссия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы мен оның орынбасары Серікбол Тілегенұлы, PhD доктор, Нұр-Мүбарак Исламтану кафедрасының аға оқытушысы Асқар Болатбекұлы, ҚР МАМ Дін істері комитетінің дінтану сараптама басқармасының басшысы Нұрғали Бердіқұлұлы, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Карабаев болды.

Білім ордасының ұстаздарымен, тәрбиешілерімен және шәкірттерімен жеке-жеке сұқбат өткізіп, оқу орнының тарихы, мақсат-міндеті, оқу бағдарламасы, білім беру жүйесі жайлы сөз қозғады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру