Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу облысынан Ақжайық өңіріне гуманитарлық көмек жетті

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 24.04.2024 303 0 пікір
Жетісу облысынан Ақжайық өңіріне гуманитарлық көмек жетті

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен тағы бір аймақ Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына Жетісу облысынан гуманитарлық көмек келді.

Аталған аймаққа жәрдем жүк көліктердің көшін бастаған ҚМДБ Жастар секторының Жетісу облысындағы жауапты өкілі әрі баспасөз хатшысы Ерлан Кеңесбекұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Омар Хадысұлы, Панфилов ауданының наиб имамы Данияр Нұржанұлы Ақжайық өңіріне арнайы келіп, БҚО бас имамы Самат Әлібаевқа Жетісу өңірінің бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы мен жамағаттың сәлемін жеткізді.

Батыс Қазақстан облысына 40 тонна гуманитарлық зат жинақталған ауыр жүк көлігі келіп, қосымша қаржылай 9 000 000 теңге берді. Су тасқынынан зардап шеккен халыққа ең қажетті заттар, атап айтқанда жаңа киім, азық-түлік, ішетін су, көрпе-төсектер қамтылған. Сонымен қатар дәрі-дәрмектер, балаларға жөргектері (памперс) және төсек жабдықтары бар.

«Еліміздің біршама өңірінде болып жатқан су тасқынына Алла жеңілдік берсін. Осындай қиын кезеңде ел болып, бір-бірімізге жәрдемдесу маңызды іс. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы үшін дұға тілеп, су тасқынынан зардап шеккендермен жүздесіп, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы атынан қиын сәтте қол күшімен де азық-түлікпен де көмектесуді тапсырған болатын. Осы орайда қиындықта ел бірге деп, Жетісу өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары атынан аманат ала келдік. Алла елімізге амандық берсін», - деп Ерлан Кеңесбекұлы дұға жасады.

Қиын кезінде әр өңірден елім деп келген бауырлар мен жауынгер сарбаздарға ыстық тамақтарды пісіріп, арнайы барып, сарбаздарға өз қолдарымен ұсынды. Жүздесті. Қиыншылықта имамдардың да елмен бірге екенін дәлелдеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру