Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Qamqor-Sharapat» қызметі жайлы семинар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.04.2024 499 0 пікір
ШҚО: «Qamqor-Sharapat» қызметі жайлы семинар өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігі «Халифа Алтай» мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы және зираттарды цифрландыру» атты семинар семинар өткізді.

Атаулы іс-шараға ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы және ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, Дін істері басқармасы басшысы м.а Диас Серікбекұлы және аймақтың дін қызметкерлері, облыстық, қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары қатысты.

 Семинарда бас имам Ермек Қасболатұлы: «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде халыққа ортақ мәдениет қалыптастыру, салт-дәстүрді ұлықтап, жаңғырту мақсатында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы іске қосылып бүгінде жүйелі шаралар атқарып жатыр. Қазіргі таңда облыс аумағындағы зираттарды цифрландыру мәселесі бойынша байланысты мекемелермен жұмыстар жүргізілуде» деп атап өтіп, жерлеу рәсімінде ысырапшылдық, қабірге артық безендірулер жасамау туралы халыққа үнемі насихатталып жатқандығына тоқталды.

ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы: «Діни басқарма тарапынан қазіргі уақытта қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жұмысын қолға алып, іс шаралар жасап жатыр. Жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, заманға сай жинақы болуы тиіс» деді.

Ол сөз сөзінде салттық қызмет көрсететін орталығы ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізіп, қабірлерді және жерлеу рәсімдерін бірізділікке келу бағытындағы шаралар халықтан қолдау тауып отырғандығын жеткізді.

Семинарда сонымен қатар «Qamqor-Sharapat» қызметі жайлы және ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжатына сай жерлеу, ас беру, басқа да діни рәсімдерді өткізу жолдарын түсіндірілді.

Жиында осы бағытта зираттарды цифрландыру мәселесі талқыланды. ТҮКШ мамандары да өз кезегінде Діни басқарма қолға алып отырған бұл аса маңызды шаруа екендігін айтып, цифрландыру жұмысына барынша қолдау жасалатындығын, бірлескен іс шаралар атқарылатындығы жеткізді.

Қазіргі уақытта өңірде зираттырады заман талабына сай цифрландыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру