Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНА ТІЛЕКТЕСТІГІН ЖЕТКІЗДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.04.2024 613 0 пікір
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНА ТІЛЕКТЕСТІГІН ЖЕТКІЗДІ

Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, Доктор Әли Ербаш ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына еліміздің бірнеше аймағында болған су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестігін білдіріп, хат жолдады.

«Қазақстан халқының басына келген осындай қиын-қыстау кезеңдегі ащы қасіретті жан-тәнімізбен сезінгендей күйдеміз. Осынау қиын шақтың тез арада аяқталып, бұдан кейін табиғи апаттардың бауырлас қазақ елінде болмауын тілейміз. Алла Тағала су тасқыны кезінде қайтыс болған бауырларымызды мейіріміне бөлеп, зардап шеккендерге жеңілдік бергей. Түркия Дін істері басқармасы және өзімнің атымнан ыстық ықыласымызды жолдап, әрдайым көмектесуге, қолдау білдіруге дайын екенімізді жеткізгім келеді» делінген хатта.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру