«Әбу Бакр Сыддық» мешіті Павлодар қаласының 2-Павлодар мөлтек ауданында орналасқан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласында жаңадан медресе бой көтерді. Ол медресе «Әбу Бакр Сыддық» мешіті жанында болғандықтан, «Әбу Бакр Сыддық» деп аталып, 2 жыл он айлық білім беру ордасы болып бекітілді. Ал оның директоры болып ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жұмабай қажы Ықлас бекітілді. Медресе еліміздің солтүстік аймақтарындағы талапкерлерге арналған оқу мекемесі. Медресе ислам орта арнаулы білім беру орны болып табылады.
«Әбу Бакр Сыддық» медресесі, Мүткенов көшесіндегі мешіт тоғыз жол торабынан тысқары, тұрғын үйлердің сирек қоныстанған, тыныш әрі қолайлы жерінен орын алған. Жалпы аумағы 3348 шаршы метрді қамтиды.
Ғимарат екі қабаттан тұрады. Жалпы көлемі – 200 м2. Сәулетті әрі бүгінгі күн талабына сай құрылыс материалдарынан салынған ғимараттың 1-ші қабатындағы кіре-беріс дәліз 16 шаршы метрді қамтиды. Дәліз аяқ киімді шешіп, жинақы түрде сөрелерге қойылатын жағдай жасалған, кілемдер төселген. Сонымен қатар, жиһаздармен жабдықталған киім-кешек ілетін бөлме – 14 м2, 2 сынып бөлмесі, оның бірі, 25-30 бала оқи алатындай тақта, парталар, кітаптарға арналған сөрелері бар бөлме – 32 м2, екіншісі кітап сөрелері бар бөлме – 36 м2. Тоңазытқыш, элетр плитасы, қоймасы, ыдыс-ақтар қоятын сөрелері бар ас әзірлейтін орын – 24 м2, үстел, орындықтар әзір асхана – 25 м2, жиһаздармен қамтылған ұстаздар бөлмесі 6 шаршы метрді құрайды. Сол сияқты 1-ші қабаттың қос тарабында да дәретханалар бар. Ғимараттың нақ ортасын бөліп тұрған екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ 9 шаршы метр жерді алып жатыр. 2-ші қабаттағы бөлмелердің көлемі мынадай: кілемдер төселген дәліздің бір қанаты – 21 м2, ал екінші қанаты – 18 м2. Жатақханаға есебінде, көлеміне қарай 3 және 4 шәкіртке есептелген 12 шаршы метрлі 3 бөлме, 15 шаршы метрлі 2 бөлме, 20 шаршы метрлі 2 бөлме бар. Жалпы саны 25-30 шәкіртке арналған жатын бөлмелері заманауи төсек орындарымен, киім-кешек ілуге қажетті шкаф және жеке-жеке тумбалармен қамсыздандырылған. Тазалық сақтау мақсатында толық жабдықталған 3 кабинадан тұратын арнайы жуынатын орын мен кір жуғыш қондырғылары мен аппараттары бар кір жуатын бөлмеге орын бөлінген.
Медресеге түсетін үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Орта білімді болуы;
2. Жас мөлшері 25-тен аспауы тиіс;
3. Имам Ағзам Абу Ханифа мазһабын ұстануы;
4. Қазақстан Респуликасының заңдарын бұзбауы;
5. Медресе Ережесінің талаптарын, ішкі тәртіп пен нұсқауларды және ондағы лауазым иелерінің бұйрық-өкімдерін орындауы;
6. Ыждаһаттылық пен еңбекқорлық таныта отырып, дұрыс білім алуы;
7. Медреседегі басқа оқушылардың, ұстаздар мен қызметкерлердің, жұмыскерлердің ар-намысы мен беделін сыйлауы;
8. Медресенің ішкі тәртіп, ережелерін орындауы шарт.
Медресеге қабылданатын құжаттар:
1. Медресе директоры атына жазылған өтініш;
2. Өкіл имамның ұсынысы (мінездеме түрінде);
3. Өмірбаяны (талапкердің өз қолымен жазылуы тиіс);
4. Орта білімі туралы аттестаты (түпнұсқасы);
5. Көлемі 3х4 сурет (6 дана);
6. Жеке куәлігінің көшірмесі;
7. №086 үлгідегі дәргерлік анықтама;
8. Салық төлеушінің тіркеу номері;
9. Әскери билеті немесе әскерге шақырылу куәлігі;
Медресенің мекен-жайы:
Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Муткенова көшесі 52/2
Пошта индексі: 140000.
Байланыс телефоны: 8 (7182) 62-39-85, 62-00-11